Солтүстік Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Солтүсік Қазақстан облысында көктемде 85 елді мекенді су басуы мүмкін. Себебі аймақта қар құрамындағы ылғал мөлшері жоғары. Әрі топырақ 1,5 метрге дейін тоң болып қатып қалған. Демек көктемде еріген қар суы жерге тез сіңбейді. Қазір облыста 19 гидрологиялық бекет жұмыс істеп тұр. Ең ірі су қоймалары бақылауға алынды. Есіл өзеніндегі мұз қалыңдығы 50 сантиметрге жетіп, тасқын қаупін күшейтіп тұр. Өйткені мұз көбесі сөгілген кезде өзенде кептеліс болып, су арнасынан асып кетуі мүмкін. Мамандар мұз қалыңдығын 10 күн сайын өлшеп отыр.
Қымбат Мерғалимова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиал директоры:
Қар құрамындағы ылғалдың үлесі жылдағы мөлшермен салыстырғанда 15 пайызға көп. Өйткені қараша айында қарлы-жаңбыр көп болды. Жер бетінің терең қатып қалуы және қардағы ылғал – тасқын қаупін саралауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіш болып саналады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15