Екі мемлекетте іздеуде жүрген қылмыскер Ақтөбеде ұсталды
Ақтөбеде екі мемлекетте іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
Полицейлер оны ұялы телефон сатпақ болған жерінен қолға түсірді. Күдікті өзінің тегін «Пушкин» деп таныстырған. Алайда құжаттары болмаған. Сот үкімімен ол 30 күн мерзімге жеке басына қатысты мәліметтер анықталғанша уақытша ұстау орнында болды. Нәтижесінде күдіктінің шын аты-жөні басқа болып шықты. 36 жастағы Өзбекстан азаматы өз елінде көлік ұрлығы үшін іздеуде болған. Сондай-ақ, Шымкент қаласында ауыр қылмыс жасағаны анықталды. Ол сыбайластарымен бірге ұрлық жасамақ ниетпен тұрғын үйлердің біріне кірген. Бұзақылар үй иесіне дене жарақаттарын салған. Жәбірленуші жан тапсырған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15