Гаитиде полиция қызметкерлері шеруге шықты
Гаитиде шеруге шыққан полицейлер көшені жапты. Олар өз әріптестерінің қазасына осылайша наразылық білдірді.
Бұл елде офицерлер қылмыстық топтардың қолынан ажал құшуы жиі кездеседі. Мұндай озбырлыққа қарсы шара қабылдамағаны үшін шерушілер ел үкіметін сынға алды. Азаматтық киім киген сақшылар алдымен премьер-министрдің резиденциясына барған. Кейіннен Аргентинадан оралған үкімет басшысына наразылық білдіру үшін әуежайға бет алды.
Жыл басынан бері елде 15 полиция қызметкері қылмыстық топтардың құрбаны болған. БҰҰ мұндай заңсыз топтармен күресу үшін Гаитиге шетелдік соққы беруші күштерді жіберу мәселесін талқылап жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14