«Қаныш» көркем фильмі көрерменге жол тартады
«Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясының негізінде түсірілген «Қаныш» көркем фильмі көрерменге жол тартады. Бұл туынды 2-ші ақпаннан бастап еліміздегі барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. Бүгін Алматыда фильмнің алдын-ала көрсетілімі өтіп жатыр. Қазір бізбен әріптесім Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып тұр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Біз қазір мегаполистегі ірі кинотеатрлардың бірінде тұрмыз. Алдын-ала көрсетілімге фильм авторлары, шығармашылық топ пен ғалымның туыстары қатысты. Бұл фильмнің негізгі сюжеттік желісі – геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтің өмірі мен еңбек жолына негізделген. Жас Қаныштың қазақ халқының басына күн туған – ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы геология саласындағы алғашқы қадамдары баяндалады. Қазір менің қасымда 300 адамның арасынан іріктеліп алынған, осы туындыда басты рөлді, яғни Қаныш Имантайұлының образын сомдаған актер Әсет Есжан бауырымыз тұр.
Әсет Есжан, актер:
Жоба 2022 жылы толықметражды фильм ретінде халықаралық «Literature in Cinema» кинофестивалінде «Үздік фильм» («Best film») жүлдесіне ие болды.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бұған дейін, «Qazaqstan» Ұлттық арнасы түсірген «Қаныш. Қазына» тарихи сериалы көрерменнің ыстық ықыласына бөленген еді. Ал толықметражды бұл фильм 2-ші ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі. Жоба авторлары Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылым жолы көрерменді толғандырып, жас ғалымдардың шабыттануына әсер етеді деген сенімдеміз дейді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13