Батыс Қазақстан облысында заңсыз тауар сатқандар ұсталды
Батыс Қазақстан облысында темекі мен қолдан жасалған алкоголь өнімдерін сатқан азамат ұсталды. Ол былтырғы жылдың қараша айынан бастап қаңтардың ортасына дейін шетелден әкелінген тауарын көтерме сауда орындарына заңсыз өткізіп жүрген. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ 90 мың қорап темекі және пластик ыдыстарға құйылған 320 литр қолдан жасалған арақ-шарап тәркіленді. Заңсыз тауардың жалпы құны 57 млн теңгеден асады. Тексеру кезінде заңсыз темекіні сатумен айналысқан адамдар мен қолма-қол ақша қозғалысы туралы мәліметтер де анықталған.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде нәресте өлімі азайды
07.08.2026, 10:08
Туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
07.08.2026, 10:08
Қызмет экспорты 12,8 миллиард долларға ұлғайды
07.08.2026, 10:06
Фиджитал-би бойынша үздіктер анықталып жатыр
07.08.2026, 10:05
Құс еті мен тауық жұмыртқасын өндіру қарқын алды
07.08.2026, 10:05
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 10:05
Иран кеме қатынасы ережесін қайта қарастырмақ
07.08.2026, 10:04
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектейтін жарлыққа қол қойды
07.08.2026, 10:04