Төрткүл қалашығы маңынан оқушылар археологиялық жәдігер тауып алды
Жамбыл облысында оқушылар мал бағып жүріп археологиялық жәдігер тауып алды. Балалар көне заттарды ауыл іргесіндегі Төрткүл қалашығы маңынан көріп қалған. Кейін оларды мектептегі мұғалімдеріне көрсеткен. Оқытушы әшекей бұйымдар мен қыш ыдыстардың тарихын білу үшін археолог мамандар көмегіне жүгінеді. Ғалымдар көне заттар Қарахан дәуірінің шарықтау кезеңіне жататынын анықтады. Өйткені ондағы ою-өрнектер мен бояулар сол замандағы халықтың өнер туындысы екен. Сондай-ақ осыған ұқсас жәдігерлер «Ежелгі Тараз» қалашығындағы қазба жұмыстары кезінде де кездескен. Қазір табылған бұйымдар орталық музей сөресіне қойылды.
Сауран Қалиев, археолог-тарихшы:Табылған жәдігер қоладан жасалса да, сол бір Қарахан дәуірі кезеңіндегі таптырмас археологоиялық дерек. Дәл осы сияқты жәдігерлер алдағы уақытта да археологиялық кең көлемде жүргізілген қазба жұмыстарының барысында да табылады деген ойдамыз.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00