Украинаның Донецк облысында қиянкескі ұрыс жүріп жатыр
Украинаның Донецк облысында қиянкескі ұрыс жүріп жатыр. Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей елге басып кіргеніне 1 жыл толар алдында шабуылды күшейткен. Ол Мәскеу ақпараттық жағынан да қысымды арттырғанын мәлімдеді.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Басқыншылар ақпанда символдық әрекет жасауды жоспарлап отыр деген мәлімет бар. Былтырғы жеңіліс үшін кек алуды көздейді. Майданның түрлі бөлігінда, ақпарат кеңістігінде қысым артып отыр. Дегенмен жағдай қаншалықты қиын болса да, төзу керек.
Ресми Мәскеу де Бахмутта Украина әскерін бірнеше бағыттан ығыстырғанын мәлімдеді. Бұған қоса, олар мұнда Украина күштеріне құрал-жабдық жеткізетін жолды бақылауға алуға тырысып жатыр. Британия барлаушыларының дерегіне сай, Ресей күштері алдағы 10 күн ішінде ірі шабуыл бастауды жоспарлап отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14