Қызылорда облысында мұнай-газ кенішінде үш жұмысшы уланып, екі адам көз жұмды
Қызылорда облысында мұнай-газ кенішінде үш жұмысшы уланып, екеуі қайтыс болды. Бір адам ауыр хәлде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Қайғылы жағдай «Саутс Ойл» компаниясының өндірістік аумағында болған. Уланған үш адам сол жердегі қосалқы мердігер «Казспекторстрой» серіктестігінің мамандары. Әзірге олардың неден уланғаны белгісіз. Өлімге әкеп соққан оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама алынған. Жалпы аталған мекемеде 6 жұмысшы вахталық әдіспен еңбек еткен.
Абдулла Арғынбаев, «Казспекторстрой» ЖШС өндірістік қауіпсіздік бөлімінің басшысы:Үшеуін үйлеріне қайтардық. Анализдерінің бәрі жақсы. Екі адам қайтыс болды. Біреуі реаницаияда жатыр. Жағдайы ауыр. Соған байланысты сараптама жүргізіліп жатыр. Неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін белгілі болады.
Ә.Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00