Алматыда сайран су қоймасын тазарту басталды
Алматыда Сайран су қоймасының түбін лайдан, қамыс пен қоқыстан тазарту жұмыстары басталды. Мамандардың сөзінше, жоба аясында тереңдету, еңістерді түзеу мен батыс жағалауды реттеу сияқты жұмыстар атқарылады. Су қоймасының түбін тазарту аумағы - 160 мың шаршы метрден астам. Бұдан бөлек тағы екі көлді тазалау жоспарланған. Еске салайын, өткен жылы санитар дәрігерлер көлден ішек таяқшаларын анықтаған. Осыған байланысты арнайы құрылған комиссия тұрғындарға шомылуға тыйым салып, суды толық ағызып жіберген еді.
Мақсат Қабиденов, қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім басшысы:Жоба бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары үш көл бойынша 7 айға созылады. Сайраннан басқа Алматы қаласында биылғы жоспарда үш көлді тазалау жұмыстары жоспарланды. Ол әуежайдағы көл және Қарасу ықшамауданындағы Қарасу көлі.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15