Алматыда түлектердің ата-анасы алаяққа алданған
Алматыда 70-ден аса ата-ана балаларын ҰБТ-ға даярлау курсына жаздырамыз деп миллиондаған қаржысынан қағылды. 22 жастағы күдікті өзін тестілеуге даярлайтын орталықтықтың директоры ретінде таныстырған. Біраз ата-анамен келісімшарт жасасқан. Кейін жалған келісімге сәйкес әрқайсысынан 238 мың теңгеден жинап алған. Тіпті ұл-қыздарыңыз тестілеуден өтпей қалса ақшаңызды қайтарып беремін деп уәде еткен. Алайда ақшаны алып із-түссіз жоғалады. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталды және қамауда отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00