Қостанайда жылу құбырларының 57% тозып тұр
Қостанай облысы бойынша жалпы ұзындығы 810 шақырым жылу желісінің 57 пайызы тозған. Соның ішінде ең төменгі көрсеткіш Лисаков қаласында. Мұнда 112 шақырым желінің 41 пайызы жаңартуды қажет етеді. Ал ең жоғарғы көрсеткіш Арқалық қаласында. Небәрі 35 шақырымға созылған құбырдың 90 пайызы шіріп тұр. Оны жаңартудың үш жылға межеленген жобасы бар. Жалпы былтыр облыста барлығы 19 шақырым жылу желісі қайта тартылған. Биыл осы бағытта тағы 5 жобаны жүзеге асыруға 8,6 млдр теңге бөлініпті.
Алмат Ғаппасов, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Биыл қаңтар айында, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға 9 жоба ұсындық. Жалпы құны 17,1 млдр теңге тұрады. Бұл жобалар жүзеге асса желілердің тозу көрсеткішін 57 пайыздан 55 пайызға төмендетуге болады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15