Сирияда зардап шеккендерге көмек жеткізу қиындады
Сириядағы тозығы жеткен инфрақұрылым құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға көмек жеткізу мүмкін болмай жатыр. Әзірге жолдардың біреуі ашылды. Тағы екі өткізу пункті іске қосылады. Ал, үйінді астында жатқандарды шығаруға ауыр техника жоқ. Апаттан 3 мыңдай адам қаза тапқан. Ресми мәліметтерге сай, зілзала болған елдің солтүстік-батысындағы қалаларда 11 миллионға жуық адам тұрады. Күннің суықтығынан тірі қалғандарды табу үміті азайып барады. Оның үстіне аяз күшейді. Ал үйсіз қалғандар далада түнеуге мәжбүр.
Шаһар, жергілікті тұрғын:
Қабырғадағы жарықшақты көріп, қорқып тұрмын. Алеппода күн қаншалықты суық, жаңбырлы, тіптен цунами болса да үйінді астында қалғаннан гөрі балаларымызбен бірге тағы саябақта түнегенді жөн көрдік.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03