Елімізде жеңілдетілген ипотекаға 1,4 трлн теңге бөлінді
«Бәйтерек» холдингі былтыр 350 млрд теңге таза табыс тапты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Бұл туралы Президент қабылдауында болған компанияның басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев айтты. Оның сөзінше, 2022 жылы 685 млрд теңгеге 238 ірі жоба қаржыландырылған. Шағын және орта бизнеске 1,5 трлн теңге субсидия берілді. Ал жеңілдетілген ипотекаға 1 трлн 400 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 80 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Мемлекет басшысы еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға холдинг белсенді атсалысуы қажет екенін айтты.
Қанат Шарлапаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы халықаралық әріптестік пен Қазақстан экономикасын дамыту және шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірқатар тапсырма берді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15