Боран Мұсабаев: Ұлттық арна - рухани темірқазық
Режиссері мықты арнаның міні жоқ, көрермені көп. Себебі теледидардағы барлық көрініс осы мамандардың талғамымен жасалады. Қазақ телевизиясының 65 жылдық тарихында абыройлы еңбегімен аты қалған режиссерлар аз емес. Телеарнаға 40 жылдан аса ғұмырын арнаған, ардагер режиссер – Боран Мұсабаевтың да еңсерген биігі Ұлттық арнамен тығыз байланысты.
Сала ардагері бүгін қара шаңыраққа бас сұғып, естеліктерін бөлісті. Сондай-ақ маман ретінде Ұлттық арнаның қазіргі аяқ алысына да баға берді.
Боран Мұсабаев, ардагер режиссер:
Мысалы, мен өзім 79 жылы қабылдандым. 2019 зейнетке шыққанға шейін осы қазақ теледидарында, қазіргі өзіміздің Ұлттық арнада істедім.
Қазір кейде бір аралап көргім келеді, бұрынғы отырған кабинетіңді, монтаж жасаған аппараттарды, студияларды.
65 жастағы арнамыз техникалық, творчествалық жағынан қуатты, өмірлік тәжірибесі бар, жұмыс тәжірибесі бар. Жоғары буын мен жалындаған жастар. Керемет жақсы туындыларды, керемт жақсы бағдарламаларды дүниеге әкеліп жатыр.
Біздің қасиетті қара шаңырағымыз – «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ халқына, рухани бағыт-бағдар беретін, жол сілтейтін темірқазық болады деп кәміл сенемін! Соған тілектеспін. Әр уақытта көрермен көңілінен шығатын жоғары биікте бола берсін дегім келеді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13