Петропавлдық оқушы мектепке балта апарып, 3 баланы жарақаттады
Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта апарып, 3 баланы жарақаттады.
Эльмира Кәленова, тілші:
Оқиға облыс ортылағындағы №4 мектепте болды. Жарақат алған балалардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Ал біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Денсаулық сақтау басқармасы ата-аналардың қарсылығын алға тартып, басқа ақпарат бермей отыр. Оқиға таңғы 8:00 шамасында болған. Күдікті дәретханаға кіріп, бетперде киіп, сөмкесіндегі балта мен пышақты алып шыққан. Жолай кездескен балаларды жаралай берген. Оқиға болған 2-ші қабатқа көтерілуге тыйым салынған. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу жүріп жатыр. Жарақат алған балалардың бірінің анасынан сұхбат алған едік.
Вера Горбаченко, қала тұрғыны:
Жарақат салдарынан басы айналып, жүрегі айныған соң, ауруханаға әкелдік. Тахикардия пайда болды. Баламның басынан және мойнынан ұрған. Қаруы бар адам мектепке қалай кіреді? Бәрін тексеру керек деп ойлаймын. Психикалық ауытқуы бар балалар үйде отыруы керек. Олар басқаларға қауіп төндіреді.
Мұғалімдердің айтуынша, баланың мінез-құлқы ешқандай күдік тудырмаған. Ол ешқайда арнайы есепте тұрған жоқ. Тек оқу жылының басында ауырып, сабаққа қараша айының соңында келген. Бұл мектепте күзетші жоқ. Ешқандай қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған. Бала суық қарумен ішке емін-еркін кірген. Жалпы өңірде орты білім беретін нысандардың ешқайсысында күзет қызметі жұмыс істемейді. Бүгін сабақ тоқталылып, балалар үйлеріне жіберілді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18