«ҚазАвтоЖол» 8 млрд теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған
«ҚазАвтоЖол» бір көзден сатып алу кезінде 8 миллиардтан астам теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған. Ақшаны тиімсіз пайдалану және жымқыру фактілерімен қатар, шенеуніктердің өкілеттігін асыра пайдалану деректері де бар. Осылай деген сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше жол құрылысы саласында заң бұзу фактілері тоқтамай тұр, тиісті нормалар да сақталмайды. Мердігер ұйымдарға қатысты конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде жемқорлыққа жол беретін фактлер көптеп кездеседі. Жыл сайын жол саласына қомақты қаражат бөлінеді. Алайда, көлік инфрақұрылымын дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру өз деңгейінде емес, деді депутат.
Андрей Луки, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Мемлекет қаржысын ысырап қылу, жымқыру саланы дамытуға кері әсер етіп отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті мен «ҚазАвтоЖол» кәсіпорнының жұмысына бақылау күшейуі керек. Мердігерлерден айыппұлдарды өндіріп алу шарт. Заңнаманы бұзған және шарттық міндеттемелерді бұзуға жол бергендерге жаза қатал болуы тиіс. Тиімді технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ету бойынша шетелдік тәжірибені ескеріп, жолдарды сапалы салу үшін тиісті шешімге келуді ұсынамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00