Петропавлда тәркіленген тауар мұқтаж жандарға таратылады
Петропавлда тәркіленген контарабандалық тауар материалдық жағдайы төмен тұрғындарға таратылады.
2014 жылы Кеден қызметі Қытайдан Солтүстік Қазақстан арқылы Ресейге тасымалданған контрабандалық тауарды анықтаған. 20 мың тонна жүк заттай айғақ ретінде тәркіленген. Тергеу шаралары бірнеше жыл бойы жалғасты. Соттың шешімімен заңсыз тауар мемлекет меншігіне берілді. Облыстық Экономикалық тергеу департаменті 50 мың дана киім-кешекті қалалық әкімдік мамандарына тапсырды. Қазір көмекке мұқтаж азаматтардың тізімі жасалып жатыр.
Елена Белоус, облыстық Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі:
Киім-кешек қоймада ұзақ жатты. Соған қарамастан пайдалануға жарайды. Заттай айғақ ретінде тәркіленген тауар Солтүстік Қазақстан тарихында алғаш рет мұқтаж азаматтарға таратылмақ.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18