«Теңізшевройл» былтыр бюджетке 14,5 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей төлем жасаған
«Теңізшевройл» былтыр бюджетке 14,5 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей төлем жасаған.
Оның ішінде 10 млрд доллар салық ретінде мемлекет қазынасына түскен. Серіктестік Қазақстандағы ең үздік салық төлеуші компаниялардың қатарына енді. Геосаяси жағдайдың ушығуына қарамастан шикі мұнай өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен. Кәсіпорынның тағы бір жетістігі өндірілген мұнайдың әр тоннасына шаққандағы зиянды қалдықтар көлемін 75пайызға азайтқан. Айта кету керек былтыр компания «ең үздік жұмыс беруші кәсіпорын» деп танылған еді. Жұмысшылардың 95 пайызы қазақстандықтар.
Дәрмен Аронов, «Теңізшевройл» ЖШС бас менеджері:«Теңізшевройл» 1993 жылы құрылды. Биыл біз 30 жылдығымызды атап өтеміз. 30 жылдың ішінде біздің компания өндіріс саласында үздік компания болып саналады. 1993 жылдан бері 176 5 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей төлем жасады. Ендігі жоспар осыны жалғастыра беру.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08