Петропавлда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді
Петропавлда көктайғақтың салдарынан жарақат алғандар көбейді. Түске дейін ондаған адам дәрігерге жүгінген.
Таңертең бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқыса, түстен кейін де мектептер түгел онлайн режимге көшті. Түнімен тоқтаусыз жауған жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласқан соң, қоғамдық көліктер де тоқтап қалды. Автобустар енді жүріп жатыр. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Арнайы техникалар көшелер мен тротуарларға құм-тұз қоспасын сепкенімен, жарақат алғандар көп.
Галина Корелова, қала тұрғыны:
Таңертең жұмысқа барам деп шығып, табалдырықта құлап қалдым. Күн қатты тайғақ екен. Жарақат пунктіне келуге тура келді. Дәрігерлер сүйегім сынған дейді. Қазір отаға даярлап жатыр. Ойда-жоқта осылай жарақат алдым.
Екатерина Белоусова, қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының баспасөз хатшысы:
Осы уақытқа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына 21 адам жүгінді. Негізінен аяқ-қолдарын сындырып түсіп жатыр. Екі науқасты ауруханаға жатқызуға тура келді. Жалпы көктайғақтың салдарынан кеше 32 адам жарақатпен дәрігерлерге қаралды. Жарақат бөлімінде оларға барлық тиісті ем-дом қолданылады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15