Оралдық әйел өзін мұғаліммін деп таныстырып, оқушының телефонын ұрлап кеткен
Оралда өзін мұғаліммін деп таныстырған әйел адам оқушының смартфонын алдап алып кеткен. Оқиға қаладағы №34 мектепте болған.
Бейтаныс кісі мектепке артқы есіктен кіріп, 4-сынып оқушысына өзінің мұғалім екенін, мектепке комиссия келгенін, сол үшін барлық оқушыдан телефондарын жинап алып жатқандарын айтқан. Комиссия кеткесін, смартфонды қайтаруға уәде еткен. Он жастағы оқушы оның сөзіне сеніп, ұялы телефонын берген.
Жасөспірімнің анасы полицияға шағым түсіріп, кейін бейнебақылау камераларын тексеру кезінде әйелдің бұл мектепке қатысы жоқ екені анықталған. Күдікті ретінде 26 жастағы қала тұрғыны ұсталып, алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00