Ақмола облысында заңсыз жүрген 113 мигрант анықталды
Ақмола облысында заңсыз жүрген 113 мигрант анықталды. Олар осы кезге дейін тіркеуге тұрмастан, құрылыс нысандарында немесе жеке азаматтардың үйінде жалданып жұмыс істеген. Күнкөріс үшін келгендер Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары. Арзан жұмыс күшін Қазақстанға заңсыз алдырған 17 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
Жасұлан Нұрқанов, облыстық Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:
Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзғаны үшін 45 шетелдік және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 68 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 113-тің ішіндегі 14 шетелдікке қатысты елден шығарып жіберу туралы сот шешімі шығарылды. Заңсыз келген шетелдіктердің көпшілігі облыс орталығында және Астана маңайындағы аудандарда анықталды.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00