Теміртауда өрттен жеті адам зардап шекті
Теміртауда өрттен жеті адам зардап шекті. Бүгін түскі сағат 2-і шамасында бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде газ баллоны ашық қалып, соңы өртке ұласқан. Салдарынан іште болған 2 ересек адам денесінің 70-80 пайызын күйік шалған. Қазір олар жансақтау бөлімінде. Сондай-ақ, 5 баланы күйік шалған. Иіс тиген үшеуі қаладағы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Енді бірі Қарағандыдағы клиникаға жіберілді, ал бесіншісіне амбулаторлық ем көрсетілген. Пәтердегі өрт жарты сағатта сөндірілген.
Нұрмұхамед Интуев, Теміртау қалалық ТЖБ бастығы:
Бірінші өрт сөндіру бөлімі келген бетте 3-і қабатта орналасқан пәтерде газ-ауа қоспасы жарылуы орын алып, кейін ол өртенгені белгілі болды. Пәтерде болған 2 ересек адам түрлі дәрежеде күйген, сондай-ақ 5 бала кішігірім күйіктер шалып, улы газдан уланғаны белгіленді. Жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы, ТЖД жедел тобы және Теміртау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жұмыс атқаруда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00