Ақтөбе облысында Қобда ауылы суға кетті
Ақтөбе облысының Қобда ауылы қарғын судың ортасында қалды. Аудан орталығына құтқарушылар мен арнайы техникалар жіберілді. Кеше кешкілік қырдан келген қар суы ауыл орталығына лап қойған. Тұрғындар табиғаттың мұндай тосын мінезіне дайын болмай шықты. Облыс әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, алты тұрғын үй суға кеткен. Тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды. Сондай-ақ, аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне де су кірген. Қауіпті сейілту үшін «Самара-Шымкент» тас жолын жырып жіберу туралы шешім қабылданды. Яғни, «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» бағытындағы жол учаскесі уақытша жабылды. Аймақтағы ахуал біздің назарда, алдағы шығарылымда соңғы ақпараттармен бөлісеміз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15