Мәулен Әшімбаев: Мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету керек
Мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету керек. Жұмыспен қамтуға және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау маңызды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың ортаға бейімделіп, өмірден өз орнын табуына оң әсерін тигізеді. «Әлеуметтік кодекс» жобасын қарау барысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осы мәселеге назар аударды. Бұған дейінгі Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң қабылданғанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жағы қарастырылған. Алайда қазір бұл норма өз деңгейінде жұмыс істемей жатыр, деді палата спикері.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Жұмыс істеймін дейтін мүгедектігі бар адамдар болса, оларды жұмысқа тұрғызуға біз көмектесуіміз керек. Соған байланысты енді «Еңбек кодексіне» ме басқа да осындай заңдарға тиісті өзгерістерді талқылап енгізуіміз керек шығар. Өйткені, жұмыс берушілердің көбісі осындай адамдарды жұмысқа алуға құштар еместігін ашық айтуымыз керек.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05