Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
Ақтөбе облысының Шұбарқұдық ауылында оңалту орталығы жұмыс істей бастады. Жаңа нысан Мемлекет басшысының ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау жөніндегі тапсырмалары аясында ашылып отыр. Бұл жерде алты ауданның балаларына медициналық көмек көрсетіледі. Ғимараттың жалпы ауданы 2 мың шаршы метр. Орталықта АВА-терапия, емдік дене шынықтыру және механотерапия кабинеттері, тұз бөлмесі, иммерсиялық ванна, сондай-ақ еңбек және арт-терапия шеберханалары бар. Дәрігерлер тірек-қимыл аппараты бұзылған, аутизм белгілері бар балалардың әрқайсысына жеке даму бағдарламасын әзірлейді. Нысан бір мезгілде 50 адамға қызмет көрсете алады. Орталықтың 30 маманы арнайы кәсіби даярлықтан өтіп, біліктілігін арттырып келген.
Рая Өмірова, Жақсымай ауылының тұрғыны:
Біздер бұрын балаларымызды бөтен қалаларға ақылы емдетуге апаратын едік. Енді қазір осы жер біздерге тегін, өте керемет. Балаларымыздан жақсы нәтиже көріп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы