Қонаев қаласына 100 млрд теңге инвестиция тартылады
Бір жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Содан бергі уақытта көптеген оң өзгерістер болды. Бірқатар әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерді. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшті. Әріптесім Қуан Нұрақын өңірдегі өзгертістерді айтып бермек. Қуан, Қонаев қаласы алдағы уақытта қалай дамиды?
Қуан Нұрақын, тілші:
Иа, Армангүл! Алдағы екі жылда шахарға 100 млрд теңге инвестиция тартылады. Бұл өндіріс, туризм, ауыл шаруашылығы сынды маңызды салаларды дамытуға жұмсалады. Қазір шаһардың бас жоспары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Оған сәйкес қаладағы кәріз жүйелері толығымен жаңартылып, жарық және жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізілмек. Шаһар облыс мәртебесін алғалы мұндағы инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жолдар жөнделіп, саябақтар мен аулалар абаттандырылды. Қала күннен күнге өзгеріп жатыр дейді тұрғындар. Алда қала аумағы кеңейіп, жаңа шағын аудан қосылады. Онда балабақша мен емхана салу жоспарланған. Қазірдің өзінде мұнда көпқабатты үйлер мен 900 орынға шақталған мектептің құрылысы жүріп жатыр. Шаһар билігі Қапшағай су қоймасының жағалауынынан қала тұрғызуды жоспарлап отыр. Ол үшін 1800 гектар жер әзірленген. Аумақта 100-ден астам көппәтерлі үй бой көтереді. Ал, халық саны 4 есеге дейін көбейіп, 50 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13