Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Ұлыбритания Үкіметінің басшысын елімізге сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Джеймс Клеверли Ұлыбритания Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды оң бағалайтынын айтты. Кездесу барысында өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер де сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біздің ынтымақтастығымыз, әсіресе, экономика және саяси салаларда өте табысты деп баға бергім келеді. Өзара байланыстарымыздың оң бағытын одан әрі ілгерілету үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек.
Джеймс Клеверли, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі:
Сіздің еліңіз – аймақтағы біздің негізгі сауда серіктесіміз. Экономикалық өсімге бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеу үшін жақсы мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан салық саласындағы реформалар бағдарламасы өзара тиімді экономикалық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15