Ақтөбе облысының Ырғыз ауылында қолөнердің тегін үйірмесі ашылды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауылында қолөнердің тегін үйірмесі ашылды. Оқушы қыздарға тоқыма тоқу, кесте және киім тігуді әжелер үйретеді.
Бұл үйірмеге қазірдің өзінде мектептен тыс уақытта 20-ға жуық қыз келіп жүр. Әжелердің бірі оларға жүн түтуді, екіншісі ұршық иіруді үйрете бастаған. Былтыр бұл ауылда «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің бөлімі ашылған. Қазір ұйымға 30-ға жуық әже мүше. Олар үйірмеге келетін балалар саны әлі артады деп сенеді.
Раяна Нұрболатқызы, оқушы:
Бос уақытымызда осы «Дәстүр» үйірмесіне келіп, тоқыма, кесте тігіп үйренеміз. Және әжелер бізге түрлі кестелер, сондайларды үйретеді.
Баршагүл Омарбаева, «Дәстүр» үйірмесінің жетекшісі:
Көп келеді деп ойлаймын. Себебі бірін бірі ертіп келіп жатыр. Бірінен бірі құлақтанып жатыр. Біз жақын арада ашылғандықтан әлі хабарландыру, жарнамасын жасай қойған жоқпыз. Енді кірісіп жатырмыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15