Халықаралық сарапшылар мен байқаушылар дауыс беру процесі туралы пікірін білдірді
Елімізде өтіп жатқан сайлауды бақылауға әлемнің 41 елінен және 12 халықаралық ұйымнан 800-ге жуық байқаушы келген. Мәселен, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы миссиясы құрамында 60-тан аса сарапшы бар. 16 мемлекеттің орталық сайлау комиссиясының төрағалары да дауыс беру процесін бақылауға қатысып жатыр. Халықаралық байқаушылар сағат сайын брифинг өткізіп, журналистерге сайлаудың өтуіне қатысты ақпарат беруде.
Глени Агунг Холе, Норвегиядан келген байқаушы:
Ұлттық опера ғимаратындағы учаскеге бардым. Бәрі жақсы, заңға сай өтіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылықтар тіркеліп жатқан жоқ.
Ежи Олендзкий, Польшадан келген байқаушы:
Қазақстан тарихындағы маңызды күн. Бұл процесс демократиялық үдерістердің тездетуге септігін тигізеді деп ойлаймын. Үш сайлау учаскесінде болдым. Дауыс беру барлық талаптарға сай өтіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03