Қызылорда облысы дауыс беру көрсеткішінен республикада көш бастады
Қызылорда облысы дауыс беру көрсеткішінен республикада көш бастады. Аймақта сайлаушылардың 66 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Қазір барлық сайлау учаскелерінде бюллетендерді санау жүріп жатыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Облыста дауыс беру тоқтағанына бір сағаттай уақыт болды. Дәл қазір бюллетендердің санағы қызу жүріп жатыр. Біз тұрған 263 сайлау учаскесінде 3 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Мұнда электораттардың басым бөлігі саяси науқанда өз таңдауын жасапты. Толығырақ комиссия төрағасын сұрап білсек. Тек осы учаскеде ғана емес саяси науқанда Сыр өңірі халқының белсенділігі жоғары болды. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше 323 мыңдай адам өз таңдауын жасаған. Көрсеткіш 66,46 пайызға жеткен. Бұл қорытынды нәтиже емес. Әлі де цифрлар өсуі мүмкін. Ал бюллетендер заңға сәйкес дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағат ішінде толық сараланып, нақты белгілі болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15