Ақтөбеде батагөй қариялар байқауы өтті
«Батаменен ел көгерер!» Ақтөбеде наурыз мейрамы қарсаңында батагөй қариялар сайысы өтті. Іріктеуден өткен 17 қария бұған дейін байқаудың аудандық, қалалық кезеңдерінде жеңіске жеткен. Сондықтан сайыстың деңгейі жоғары. Ақсақалдар алдымен өздерін таныстырып, аңыз-әңгімелер айтты. Наурыз батасын берді. Сондай-ақ, жиналғандар қариялардың аузынан ұмытылыңқырап қалған және авторлық баталарды да естіді. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, қаржылай сыйлықтар берілді.
Аққайыр Оразбаев, Кішіқұм ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Бата беру - дана халқымыздың дәстүрлі салты. Бата деген елді имандылыққа, адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелейді. Батаның орны ерекше бөлек. Наурыз күні облыстық сайысқа келген барлық игі жақсыларға тек жеңіс тілеймін, сәттілік тілеймін! Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15