Осыған дейін елімізде 7 мәжіліс сайлауы өтті
Биылғы саяси аламан бұрынғыдан өзгерек өтті. Себебі былтырғы референдумда ата заңға өзгерістер енгізіліп, партиялар мен кандидаттарға жаңа мүмкіндіктер ашылған еді.
Осыған дейін елімізде 7 мәжіліс сайлауы өтті. Алғашқы үшеуі аралас жүйемен болса, 2007 жылдан бері депутаттар партиялық тізім бойынша сайланып келді. Ал бұл жолғы саяси аламан жаңа тәртіп бойынша өтті.Яғни Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы тікелей сайланды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауы да аралас үлгімен өтті. Ал аудан- қалалардағы мәслихат депутаттары толығымен тікелей сайланды.
Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдеді. Оның шегі 4 есе, 20 мыңнан 5 мың адамға азайды.Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендеді. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азайды.
Сонымен бірге сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген баған енгізілді. Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайды.
Сайлау үдерісіне қоғамның түрлі өкілдерін барынша тарту үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді. Мысалы, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді.
Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды. Былтыр, қыркүйектегі жолдауында Президент Мәжіліс пен Мәслихат сайлауы өтетінін жариялаған еді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды
18.12.2025, 10:15
Түркия кітапханасында қазақ кітаптарының бұрышы ашылды
18.12.2025, 10:12
Д.Әбділәшімұлының «Елдік феномен» атты монографиясы таныстырылды
18.12.2025, 10:10
Жазушы Ж.Шаштайұлы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті
18.12.2025, 10:08
Ақтөбе облысында шалғай ауылда емдеу мекемесі ашылды
18.12.2025, 10:07
Мысыр мен Израиль табиғи газ тасымалына қатысты келісім жасады
18.12.2025, 10:06
АҚШ Тайваньға 11,1 млрд долларға қару-жарақ сатпақ
18.12.2025, 10:05
Келес өзені арқылы өтетін көпір құлады
18.12.2025, 10:04