Ақтөбе облысында 3 ауылға баратын жолды су шайып кетті
Ақтөбе облысында 3 ауылға баратын жолды су шайып кетті. Қазір Алға ауданына қарасты Қарақұдық елді мекеніне тек айналма жолмен ғана жетуге болады.
Қарақұдық ауылына апаратын жол былтыр ғана жөнделген. Бірақ биылғы қарғын судың ағысына суағарлар төтеп бере алмады. Жауаптылар бұл су өткізгіш нысандарының құрылысы әлі толық аяқталмағанын, сондықтан сыр бергенін алға тартып отыр. Жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме жүргізуі тиіс.
Нұрбол Ержанов, Алға ауданының әкімі:
Бұл кемшіліктерді толық қалпына келтіретін болады, және бұл біздің бақылауымызда болады. Қазір Қарақұдық ауылы тұрғындарына Үшқұдық ауыл арқылы Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық облыстық маңызы бар автомобиль жолы арқылы аудан орталығына,облыс орталығына қатынас ұйымдастырылды.
Ақсазды және Самбай ауылына баратын жолдарды да су шайған. Қазір бұл елдімекендермен арадағы қатынас қалпына келтіріліп жатыр. Жалпы, көктем басталғалы облыста 5 республикалық, 7 облыстық маңыздағы жолды су шайды. 10-ға жуық көпір бүлінді.
Айбек Қайыр, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Самбай Алға ауданында, Қобда ауданында Сарыбұлақ ауылы сосын Өтек ауылына кіресберіс. Бүгінгі күні олармен келісімшарт бар, мердігер мекемелер бар үш ауыл бойынша.Биылғы жылы өзінің қарастырылған қаражаты есебінен істелінеді жол.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15