СҚО-да жүрекке тың тәсілмен операция жасалды
Солтүстік Қазақстан облысындағы дәрігерлер бүгін жүректің күре тамырына тың тәсілмен операция жасады. Отандық кардиохирургтар ресейлік әріптестерімен бірлесіп бітелген қан тамырына дәрілік жабындысы бар коронарлық баллонды енгізді. Мұндай тәсіл елімізде алғаш рет қолданылып отыр. Ресейден келген дәрігерлер әлемнің 10-нан астам клиникасында қолданылып жүрген өнімді импланттау технологиясын көрсетті. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында төрт науқасқа тегін жасалды.
Дмитрий Тё, облыстық көпбейінді аурухана кардиологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:
Бұл операция наркозсыз, тіліксіз жасалады. Бұған дейін қойылып жүрген стенд бітеліп қалуы мүмкін. Дәрілік жабындысы бар коронарлық баллондар ондай жайсыздық тудырмайды. Бұл - шетелдік ғалымдар жасап шығарған инновациялық өнім. Науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.
Облыста 2009 жылдан бері 6,5 мыңнан астам адамның жүрегіне стенд қойылған. Ал олардың 10 пайызы осындай тәсілмен тазартуды қажет етеді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15