Қазақстан бидай импортына шектеу қоймақшы
Қазақстан бидай импортына шектеу қоймақшы. Астықты шет елден авткөлікпен тасуға тиым салу жоспарланып отыр. Теміржол тасымалына ешқандай бөгет жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты қоғамдық талқылауға шығарды. Шектеу 6 айға созылмақ. Ресми дерек бойынша отандық нарық контрабандадан зардап шегіп отыр. Сырттан әкелінген бидай тиісті салықты төлемей, әрі қарай Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Қара нарықта жылына 1,5 - 2 млн тонна өнім саудаланады. Құны шамамен 500 млн доллар. Сонымен қатар бұл ел ішінде астық бағасының екі есе төмендеуіне әкелген. Шаруалар шығынға батып жатыр. Егер шектеу қойылмаса отандық кәсіпкерлер банкротқа ұшырауы мүмкін дейді министрлік.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10