Португалияда пәтер жалдау құны 37 пайызға қымбаттаған
Португалия астанасы Лиссабон мен бірнеше қалада мыңдаған адам шеруге шықты. Олар елде баспана құны мен оны жалдау бағасының шарықтауына наразы. Бұл дағдарысты демонстранттар әлеуметтік төтенше жағдай деп мәлімдеді. Үйді жалға беру мұнда 37 пайызға қымбаттаған. Лиссабонда бір бөлмелі пәтерде бір ай тұру құны 1350 еуро. Бұл Париж бен Барселонадан әлдеқайда қымбат. Бұл жағдай, әсіресе, жастарға оңай болмай тұр. Қазір португалиялықтар онсыз да жоғары инфляцияны бастан кешіп отыр. Айта кетері, Португалия - батыс еуропаның ең кедей мемлекеттерінің бірі.
Нунсио Ренци, шеруге қатысушы:
Бұл шиеленіскен күрделі мәселе. Ол маған да әсер етті. Лиссабонда үй жалдау, жалпы үй сатып алу қымбаттап кетті. Әркімнің бұған мүмкіндігі жетпейді. Мұнда үйлер Еуропаның басқа қалаларына қарағанда қымбат. Осы шеруге қатысу арқылы мәселені шешуге көмектескім келеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14