Қостанайдағы 135 жылдық тарихы бар асыл тұқымды жылқы зауытының жағдайы мүшкіл
Қостанайдағы 135 жылдық тарихы бар асыл тұқымды жылқы зауытының жағдайы мүшкіл. Жөнді қаржы бөлінбегендіктен селекциялық зертхана 8 жыл бұрын жұмысын тоқтатқан. Жалақы аз, соның салдарынан білікті кадр да тапшы. Осындай келеңсіздіктің кесірінен ұзақ жылдық селекцияның арқасында пайда болған «Қостанай» тұқымы жоғалып кетудің алдында тұр.
Еліміздегі жалғыз мемлекеттік жылқы зауытының қазіргі күйі осындай. Қылқұйрықтылар саз балшықта, әбден тозығы жеткен қоршауларда тұр. Тұрақты қаржыландырудың болмауынан жабдықтардың бәрі ескіріп, мүлкі талан-таражға түсіп, зертхана да жабылды. Айлықты кешіктіріп бергесін кадр тұрақтамайды.
Сейдазым Бөкеев, зауыт жұмысшысы:
Кейінгі кезде бермей жатыр. Айлығы 120-130 мың. Аз енді. Адамдар келмей жатыр жұмысқа. Жұмыс енді кейде қиын, кейде жеңіл болады әртүрлі.
Қостанай жылқысының тұқымын шығару жұмысы 1887-ші жылы басталып, 1951-ші жылы аяқталған. Ішкі Ресейдің жылқысы мен жергілікті жылқыны будандастыру арқылы алынған. Ұлттық ойындар мен салт мінуге ыңғайлы, жергілікті табиғатқа төзімді. Кезінде бұл зауытта 300-ге тарта асыл тұқымды жылқы болса, қазір 68-і ғана қалыпты.
Айгүл Амандықова, жылқы зауытының басқарма төрайымы:
Бізде қаржыландыру базасы осы жылдан тоқтап қалды. Өйткені ғылыми жобалар болмаса, осы кәсіпорынға қаржы берілмейді деп сондай шектеу қойды. Жылқы зауытымызды Президент қолға алып, тікелей Астанамен жұмыс жасап нақты-нақты селекциялық жұмыстармен айналысып, бізге тиесілі ақшаны аударып селекция жасап, сынақтан өтіп әрі қарай даму.
Жылқы зауытының мүшкіл халінен Парламент депутаттары да хабардар. Олар кәсіпорынға қолдау мемлекет деңгейінде көрсетілмесе, бірер жылда «Қостанай тұқымы» жойылып кетуі мүмкін дейді.
Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біз арнайы заң жобасын дайындау туралы бастама көтердік. Былтыр жойылып бара жатқан тазы мен төбеттің тұқымын сақтау заңмен бекітілді. Сол сияқты асыл тұқымды жылқыларды сақтап қалу үшін арнайы заң қабылдануы керек.
Алайда бұл заң қашан дайындалып мақұлданары әзір белгісіз. Жағымды бір жаңалық – жуырда зауыт тікелей Президент әкімшілігінің қарамағына берілмек. Олай болса қаржы тұрақты әрі жеткілікті бөлініп, кәсіпорын аяғынан тік тұрып кетуі бек мүмкін.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14