Мұнай саласының мамандары марапатталды
Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясына 30 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысты. Отандық мұнай саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін бірқатар еңбек ардагері мен компания қызметкерлерін марапаттады. «Шеврон» корпорациясы Қазақстанмен бірлесіп кәсіпорын ашқан алғашқы шетел компаниясы. Отыз жыл ішінде елге 70 миллиард доллар инвестиция құйып, бюджетке 160 миллиард доллардан астам кіріс әкелген. Қазақстанда өндірілетін мұнайдың үштен бірі «Теңізшевройлға» тиесілі. Мемлекет басшысының сөзінше компания мұнай саласында озық технологияларды қолданып келеді. Бұдан бөлек шағын-орта бизнесті дамыту мәселесінде маңызды рөл атқарады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Кәсіпорын отыз жылдың ішінде жүзден астам ірі әлеуметтік маңызы бар ірі жобаны іске асырды. Мектеп, балабақша, аурухана және басқа да нысандар салуға қомақты қаржы бөлді. Бұл ең алдымен компанияда әділеттілік және тілектестік құндылықтары басты назарда тұратынын көрсетеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05