Израильдегі әл-Ақса мешітінде қақтығыс болды
Израиль полициясы Йерусалимдегі әл-Ақса мешітінде ондаған құлшылық етушіге шабуыл жасаған. «Рейтер-дің» мәлімдеуінше, жараланғандар бар. Бірақ олардың нақты саны белгісіз. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге барған дәрігерлер мешітке кіре алмаған. Мұны Қызыл Жарты ай ұйымы мәлімдеді. Ал Израиль полициясы болса, бетперде таққан адамдар ғибадатхананы ішінен құлыптап алғанын мәлімдеді. Сонымен бірге олар өздерімен бірге тас, таяқ, отшашулар алып кіргенін де айтты. Соңғы кездері Батыс жағалау мен Йерусалимде зорлық-зомбылық қайта күшейе түсті. Алдағы діни мерекелер кезінде шиеленіс ушығуы мүмкін деген қауіп бар. Палестина Израильдің әл-Ақсаға жиналғандарға күш қолдануын сынға алып, оны қылмыс деп атады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14