Мемлекет басшысы: Жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу керек
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Асхат Жұмағали тағайындалды. Президент ведомствоның басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, төрағаны таныстырды. Агенттікке бірқатар міндет жүктеді. Жоғары лауазымды шенеуніктер арасында, әсіресе, халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлықты анықтау маңызды. Оны түбірімен жоюда қатаң тәсілдер қолға алынсын деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды. Бұл істе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешуші рөл атқарады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14