Президент бірқатар елшіден сенім грамоталарын қабылдады
Мемлекет басшысы Малайзия елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мұстафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукардан сенім грамоталарын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтады. Қазақстан Үкіметі оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің бұл мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді.
Мустафа Капуджу, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі:
Біз Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дами беретінін дәлелдеп отырмыз. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындағанбыз. Содан бері бірлігіміз ажыраған емес. Бірлігімізді арттыра беру үшін елші ретінде бар ынта-жігерімді салып жұмыс істеймін.
Әли Акбар Джоукар Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі:
Қазақстан мен Иран 30 жыл ішінде орнатқан байланысты мен әрі қарай экономикалық бағытта дамытқым келеді. Маған берілген мүмкіндікті орынды пайдаланып, екі ел арасындағы алыс берісті бұрынғыдан да арттыра түсемін деп ойлаймын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03