Петропавлда мектепке балтамен барған оқушы бойынша тың дерек
Петропавлда мектепке балта ала барып, үш баланы жарақаттаған жасөспірімнің өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды. Елді елең еткізген оқыс оқиға ақпан айында болған. Жапа шеккен екі бала бір айға жуық уақыт ауруханада ем алды. Ал сабаққа суық қарумен барған оқушы екі айға қамауға алынған. Құзырлы органдар оның психологиялық диспансерде тіркеуде тұрғанын растады. Енді облыстық прокуратура осы қылмыстық іске қатысты тың деректерді айтты. Басқа балалардың күдіктіге әлімжеттік көрсетіп келгені де белгілі болды.
Әбу-Әли Саттар, облыс прокурорының орынбасары:
Бала 2021 жылы өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Оның бойында психологиялық ауытқушылық барын, ұзақ уақыт емделіп жүргенін мектеп әкімшілігі білген. Алайда ешқандай шара қолданбаған. Тіпті жасөспірімнің өз-өзін өлтіруге оқталғаны туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18