Үкімет жылу орталықтарына бақылауды күшейтеді
Үкімет жылу орталықтарына бақылауды күшейтеді. Жоспардан тыс тексеру жүргізуге рұқсат берілмек. Төтенше жағдайлардың жиілеуіне байланысты осындай шешім қабылданған. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды. Толығырақ әріптесім Шерхан Жамбылұлынан білсек. Шерхан жиында тағы қандай маңызды мәліметтер айтылды?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Иә, Дархан осы жылыту маусымы Үкімет пен әкімдіктер үшін үлкен сынаққа айналды. Сол себепті министрлер кабинеті келер маусымға әзірлікті әзірден бастап кетті. Премьердің сөзінше, жылу нысандарын тоздырып, немқұрайлы қараған жеке кәсіпкерлерден мемлекет орталықты қайтарып алу құқығына ие болады. Энергетика министрлігінің сөзінше, қазіргі таңда Екібастұз, Риддер, Теміртау қалаларындағы жылу энергия орталықтарында мәселе көп. Осы орайда 37 ЖЭО бойынша әкімдіктермен бірлесіп, алдағы жылу беру маусымына дайындық үшін жол карталары жасалып жатыр. Жылу желілері, құбырлардың да жағдайы мәз емес. Министр Мұрат Қарабаевтың айтуынша, ел бойынша желілердің 54 пайызы орташа деңгейде тозған. 7,5 мың шақырым желіні ауыстыру қажет. Ең жоғары тозу деңгейі Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Биыл осы бағытта 47 жобаны іске асыруға 69,4 млрд теңге бөлініп отыр. Дегенмен Премьер-министр апатты жағдайда тұрған жылу желілерін мемлекет меншігіне беру мәселесі мұқият зерделеніп барып, іске асатындығын айтты.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10