Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салынды
Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салынды. Шектеу 6 айға дейін жалғасады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұл нарықтағы бағаны тұрақтандыруға және отандық өнімді дамытуға мүмкіндік береді. Әрі көлеңкелі бизнеспен осылай күреспек. Себебі, қара нарықта жылына 1,5-2 млн тонна өнім саудаланады. Одан мемлекетке келетін шығын 500 млн доллардан асып кеткен. Заңсыз өнімнің көбі Павлодар, Ақтөбе және ШҚО арқылы Ресейге жеткізіледі екен. Министрлік салық төлеп, бидайды темір жол арқылы импорттайтындарға шектеу жоқ деп отыр.
Ербол Тасжүреков , ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
Соңғы жылдары қазақстандық бидай нарығы «сұр» импорт заңсыз әкелуден зардап шегуде. Әкелінген бидай транзиттік тарифі төленбей жасырын реэкспорт түрінде Орта Азия елдеріне және Ауғанстанға жолданады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03