Қостанай облысында ескі элеватор өртенді
Қостанай облысындағы Федоров кентінде элеватор өртеніп кетті. Алдымен элеватор аумағындағы жердің шөбі жанған. Қатты соққан жел отты өршітіп, жалын тоғыз қабатты ағаштан жасалған астық кептіргішті шарпыды. Тілсіз жаумен күреске 6 техника мен 34 адамнан тұратын төтенше жағдай қызметінің тобы жұмылдырылды. Оларға үш теміржолшы мен өрт сөндіру пойызы және жергілікті органдардан 5 техника мен 10 адам көмекке келді. 1929 жылы салынған бұл элеватор көптен бері жұмыс істемей бос тұрған. Өрт бір мың шаршы метрден астам аумақты шарпып, алты сағаттан соң толық өшірілді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15