Алматыдағы ботаникалық бақта магнолия гүлдеді
Алматыдағы ботаникалық бақта магнолия гүлдеді. Бұл ағаш гүлдерінің 15 түрі бар. Сирек кездесетін сәндік ағаштың ашық қызыл түсті әдемі, нәзік гүлі ерекше әсер қалдырады. Жыл сайын көктемнің сәуір айында ғана 2 аптаға гүл шашады. Магнолия гүлдерін парфюмерия саласында әтір жасау үшін пайдаланады. Сондай-ақ, ағашы - сапалы жиһаз жасауға да таптырмас материал. Субтропикалық өсімдіктің бір ерекшелігі бірінші гүлдейді, содан кейін ғана жапырақ жаяды. Сәндік өсімдіктің қанық жасыл түсті жапырағы айналасына ерекше көрік береді, әрі Ботаникалық баққа келушілердің суретке түсетін әсем орнына айналады дейді мамандар.
Айнагүл Ишаева, Ботаника және фитоинтродукция институты дендрология зертханасының ғылыми қызметкері:
Магнолияның негізі дүниежүзінде 240-тан астам түрлері бар, біздің бас ботаникалық бағымызда 15-тен аса таксон бар, оның ішінде магнолия кобус, магнолия звезчитая, магнолия денодато дегеннен басқа көптеген сұрыптары да бар. Магнолия гүлдеді деген кезде, көптеген адамдар келіп суретке түседі, селфи жасайды, видео түсіреді, әлеуметтік желіде бөліседі.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53