Ғалымдардың статусы туралы заң жобасы әзірленіп жатыр
Қазақстанда 20 мыңнан астам ғалым бар. Оның 40 проценті жастар. Бұл Еуропа елдерімен салыстырғанда жақсы көрсеткіш дейді мамандар. Дегенмен аталған саланың әлі де болса кемшін тұстары көп. Бұл туралы Ғылыми қызметкерлер күніне орай Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтылды.
Шараға әлемнің жетекші оқу орындарының, отандық зерттеу ұйымдарының ғалымдары қатысып, саланың даму қарқынын талқылады. Олардың сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанда ғылымды қаржыландыру екі есеге өскен. Қызметкерлердің де жалақылары ұлғайып, жас ғалымдардың саны көбейген.
Сейтхан Азатұлы, ғалым, профессор:
Қазір ғылымның проблемаларын қарайтын Ұлттық кеңес бар. Қазір ғалымдардың статусы туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұған Қазақстандағы оқу орындары, ғылыми зерттеу орталықтары қатысып жатыр. Былайша, ғалымның статусы заңды түрде бекітіліп жатыр деп айтуға болады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14