Жаңа автобустар тұрақта қаңтарылып тұр
Автобус бар, құжат жоқ. Қостанай облысында наурыз мерекесі қарсаңында алаулатып-жалаулатып берілген мектеп автобустары тұрақта қаңтарылып тұр. Ал шалғай ауылдардың оқушылары мектепке әлі ескі көліктермен қатынап жүр. Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын 13 аудандық білім бөліміне 28 автобус берілген еді. Бәрі де Қарағандыда құрастырылған, жалпы құны 1 млрд теңгеден асады. Жылдамдық шектегіш, қауіпсіздік белдігі, ауаны баптау жүйесімен жабдықталған. Пандустар мен жүргізушіні шақыру түймелері бар. Бірақ осынша мақтауын келістіріп, облыс әкімінің өзі күллі елдің алдында кілтін тапсырған автобустардың, жолда жүруге рұқсат құжаттары болмай шықты.
Абылай Омаров, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Барлық автобустар шығарушы зауыттың кепілдігінде тұр. Сондықтан оған GPS орнату үшін зауыттың құжат жүзіндегі рұқсаты керек. Бұл өте ұзақ процесс. Қазір құжаттар дайын, енді GPS орнатып сақтандыру шартын жасау үшін мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды. Мамыр айына дейін автобустар жолға шығуы тиіс.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15