Сенат төрағасы қазақстандық жастармен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәскеуде ресейдің жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесті. Талантты, білімді жастар елімізді жаңғыртудың драйвері және Әділетті Қазақстан құрудағы маңызды күштердің бірі болуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ қаңтар оқиғасы жастар саясатындағы олқылықтарды айқын көрсетті, деді Мәулен Әшімбаев . Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды реформалардың іске асырылу барысына да тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Саяси жүйедегі мемлекеттік басқару саласына жастар көптеп келіп жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтып отырады. Қазір өздеріңіз білесіздер жас министрлер, жас депутаттар көп. Менің ойымша, сіздердің де араларыңызда болашақ Үкімет мүшелері мен «Халық қалаулылары» отыр. Сенат жанында заң жобаларын сараптауға және Парламент функцияларын іске асыруға жас сарапшыларды тартуға арналған қоғамдық жобалар қолға алынған. Сіздерді осы жобаларға қатысуға шақырамыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03