Петропавлда сепаратистік ұйым белсенділері қамалды
Бүгін Петропавлда сепаратистік ұйымның үш белсенді мүшесі қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетсек, 19 наурыз күні облыс орталығындағы колледждердің бірінде жиын өткізген бір топ адам, «халық кеңесін» құрып, өздерін елден егемен ұйым ретінде жариялайтынын айтқан. Басқосуда түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, қоғамдық резонанс тудырды. Облыстық прокуратурада өткен брифингте айтылғанындай, қазір күдіктілерге қатысты сепаратизм бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тергелуде. Құзырлы органдар өкілдері ұйымның қалған мүшелері қатаң бақылауда екенін, айыптылар жауапкершіліктен сытылып кетпейтінін жеткізді.
Максим Доровик, СҚО прокуратурасының аға прокуроры:
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен өткен сараптаманың қорытындысына сәйкес сепаратизм белгілері анықталды. Күдіктілер ҚР Қылмыстық- процессуалдық Кордексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған сәйкес, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл – ауыр қылмыстар санатына жатады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18